Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құлшылық ету тәртібі бекітілді – Ершат қажы - АРҚА АЖАРЫ

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құлшылық ету тәртібі бекітілді – Ершат қажы

Қазіргі қиын жағдайды ескере отырып, індеттің алдын алу, сақтану шараларын назарға ала отырып, Рамазан айында республика бойынша барлық мешіттерде атқарылатын іс-шаралар бекітілді.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар ОКҚ өткен брифинг барысында жасыл, сары және қызыл аймақта орналасқан облыс, қалалар үшін Жұма, тарауих, ауызашар өткізудің тәртібіне тоқталды. Оның айтуынша, талаптар жергілікті бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгертілуі мүмкін.

«Жасыл аймақта ауызашарды мүмкіндігінше отбасыда өткізу, Тарауық намазын ауа-райы қолайлы аймақтарда мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу ұсынылады. Мешіттерде намаз оқу бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен қашықтық сақталған жəне толтырылуы 30%-дан аспаған кезде жүзеге асырылады; Сары аймақта орналасқан мешіттерде Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру ұсынылады. Ал қызыл аймақта Тарауық намазы оқылмайды», — деді Ершат қажы.

Бұл ретте үш аймақта орналасқан мешіттерде діни ғимараттың қызметкерлері тиісті сақтық шараларын қадағалайтын болады.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1617882770

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар