Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ҚМДБ Рамазан айында санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды - АРҚА АЖАРЫ

ҚМДБ Рамазан айында санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды

Биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткелі отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы ОКҚ өткен брифинг барысында халықты ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Ол пандемия кезінде барынша сақтанып жүруге, адам көп шоғырланған орындарға бармауға, ауыз бекіткен жағдайда дұрыс тамақтануға, мүмкіндігінше жұмыс кестесін ыңғайлап, денсаулықты күтуге үндеді.

«Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болады. Діни басқарма Рамазан айында санитарлық талаптарды сақтай отырырып, қайырымдылық іс-шараларын жоспарлы түрде жүзеге асырады. Баршаңызды игі іске үлес қосуға шақырамын»,- деді еліміздің бас мүфтиі.

ҚМДБ мәліметінше, биыл қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні. 13 мамыр – Ораза айттың бірінші күні. Пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның ең төменгі бағасы көлемінде, жан басына 420 теңге болып белгіленді.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1617880446

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар