Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирус: Әртүрлі вакцина салдыруға бола ма - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирус: Әртүрлі вакцина салдыруға бола ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қарағанды медицина университетінің проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Көшерова түрлі вакциналарды салуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шын мәнінде тек бір вакцинаны салдырған дұрыс. Осы екпелердің негізгі мақсаты вирустың S ақуызына иммунитет қалыптастыруға негізделген. Бұл ақуыз коронавирус инфекциясының ауыр салдарына алып келеді. Шығарылып жатқан вакциналардың барлығы векторлық санатына жатады, құрамында S ақуызы бар. Инактивті вакциналар да S ақуызын қамтиды. Ең бастысы, ағзада аталған ақуызға антиденелер қалыптастыру керек. Сондықтан бірнеше вакцинаны ектірудің қажеті жоқ», — деді ғалым.

Бақыт Көшерова қазіргі кезде тиісті зерттеулер жүріп жатқанын айтты.

«Ресейлік вакцинаға тоқталсақ, антиденелер қалыптасатындығы туралы зерттеулер бар. Антиденелер циркуляциясының ұзақтығы бүгінде 6 айдан кем емес болып тұр. Дегенмен зерттеулер жалағысып жатыр. Алдағы уақытта оның мерзімі ұзаруы мүмкін. Әлі де өткен уақыт аздау, сондықтан вакциналаудан кейін иммунитет, антиденелер 1,2 жыл және одан көп уақыт сақталады деп айту ертерек. Зерттеулердің қорытындысы бойынша тиісті нәтижеге қол жеткіземіз деп санаймын», — деді ғалым.

Дереккөз: inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар