Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маусымнан бастап айына 500 мың қазақстандық вакцина шығарыла бастайды - АРҚА АЖАРЫ

Маусымнан бастап айына 500 мың қазақстандық вакцина шығарыла бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусымнан бастап ай сайын 500 мың доза қазақстандық вакцина шығарыла бастайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің вакцинаның тиімділі жақсы. 25-27 сәуір күндері қазақстандық алғашқы вакцина негізгі хабтарымызға жеткізіледі деп есептеңіздер. Олар Ақтөбе, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан. Сондықтан жұмыс осы тәртіппен жүргізіліп жатыр. Келесі айда, мамырда олар тағы 50 мың доза шығарады. Одан кейін оның көлемі 100 мыңға жеткізіледі», – деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты вакцинаны өте көп мөлшерде шығаруға қауқарсыз. «Олар 500 мың доза мөлшерінде шығара алмайды. Сондықтан өндіріс үшін қосымша алаң дайындап қойдық. Бірақ, аталған институттың базасында вакцинаны дайындауға, өндіруге қажетті субстанция дайындалады. Субстанциядан бал-өнім әзірленеді. Ал бал-өнім негізінде вакцинаны одан ары құю жүргізіледі. Сондықтан маусым айынан бастап үлкен өндіріске, айына 500 мың дозаға шыға аламыз», – деді ол.

Дереккөз:inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар