20 сәуірдегі Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша қайтадан «қызыл» аймаққа өтті.
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары да бар.
«Сары» аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта – Қостанай және Түркістан облыстары.