Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегін атады - АРҚА АЖАРЫ

Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегі қай уақытқа тап келуі мүмкін екендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинациялаумен қамтуды ескере отырып, коронавирустың таралуының дамуына болжамды өзектендіреді. Кестеге сәйкес вакцинация жалғасқан жағдайдағы оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркеліп, сәуірдің соңында шырқау шегіне жететіндігі болжанады», — деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, реалистік сценарий жағдайында және вакцинация кестеге сай жүргізілгенде коронавирус жұқтыру тәулігіне 4 мың жағдайға жетіп, шырқау шегі мамыр айының ортасында орын алуы мүмкін. «Бірінші кезеңде вакцинация тиімділігі иммунитет қалыптасуына уақыт қажет болуына байланысты шектеулі болады. Одан кейін вакцинация әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпалын тигізеді», — деді министр.

https://www.inform.kz/kz/aleksey-coy-koronavirus-orshuinin-shyrkau-shegin-atady_a3778445

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар