Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Асқар Мамин: Халықты вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет - АРҚА АЖАРЫ

Асқар Мамин: Халықты вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет

Елімізде пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазір біздің басты міндетіміз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялаумен қамтуды арттыру болып табылады», — деді ол.

Үкімет басшысы пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда екенін баса айтты. «Дегенмен 8 өңір «қызыл аймақта». Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,06. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі – 41, реанимациялық бөлімдердегі орындар – 27 пайыз», — деді Асқар Мамин.

Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар тапсырма берді. «Бірінші. Халықты, әсіресе қамтылуы төмен өңірлерде вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет. Сәуір айының соңына дейін және ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек.

Екінші. Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер сапалы медициналық көмек көрсетілуін, медицина ұйымдарының қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуін үнемі мониторингтеп тұрсын», — деді Үкімет басшысы. Үшіншіден Премьер-Министр әкімдіктер Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерімен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мобильді мониторингтеу топтарының белсенді қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз етуі керектігін баса айтты.

https://www.inform.kz/kz/askar-mamin-halykty-vakcinaciyalaumen-kamtudy-keneytu-kazhet_a3778402

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар