Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық кәсіпкерлер ASHYQ пилоттық жобасы бойынша жұмыс істей бастады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық кәсіпкерлер ASHYQ пилоттық жобасы бойынша жұмыс істей бастады

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жайсан Бекқожиннің айтуынша, бүгінде өңірде 20-ға жуық нысан жобаға қатысуға өтінім берген, олардың 9-ы QR-кодты (7-і Көкшетауда және 2-і Степногорскіде) алып, жүйеде жұмыс істеуге рұқсат алды. Өтінімдердің басым бөлігі қоғамдық тамақтану саласынан түскендер. Бұл қосымша карантин мен пандемиядан ұзақ уақыт зардап шеккен кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге арналған. Егер Ақмола облысы «қызыл» аймақта болуды жалғастырса да, кәсіпкерлер жаңа жобаның арқасында демалыс күндері жұмыс істей алады. Алайда қосымша ақмолалықтар үшін қиындық тудырмайды. Егер адам ASHYQ — ке тіркелмесе, онда оның кірудегі дәрежесін ЖСН арқылы тексеруге болады.

«Егер нысанда үш күн ішінде келушілер тіркелмесе, кәсіпкер екі аптаға бағдарламадан шығарылады. Қайта тіркеу кезінде-ерекшелік екі айға созылады. Бұл мекемелерге келушілерді сканерлеудің сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. Сәуірдің 26-нан бастап ASHYQ жобасына Ақмола облысының барлық өңірлері қосыла бастайды», — дейді Ж.Бекқожин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысы елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауға арналған Ashyq пилоттық жобасына қосылған болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар