Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктем және жаз айларында өрттен абай болайық - АРҚА АЖАРЫ

Көктем және жаз айларында өрттен абай болайық

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Манарбек Шапағатов өткен жылу беру маусымының қорытындысы және алдағы жазғы маусымның өрттің жиі шығу қаупі жөнінде айтып берді.

Жылу беру маусымы кезінде жыл сайын облыс аумағындағы тұрғын үй секторында өрт саны бірден өсетіні белгілі. Оның басты себебі, пешпен және электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болып отыр. Сондай-ақ, адамдар улы газбен уланып, көбіне қайтыс болады. Департамент бастығы орынбасарының айтуынша, 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымында облыс аумағында 471 өрт болып, материалдық шығын 72 миллион 555 мың теңгені құраған екен.
–Мұның алдындағы жылу беру маусымымен салыстырғанда өрт саны 25 пайызға, материалдық шығын 95 пайызға көбейді. Өлім саны 6 пайызға азайып, өрт кезінде 14 адам қаза тапты. Сондай-ақ, жарақаттанғандар саны өсіп, 7 адамды құрады. Өткен жылу маусымында болған 185 өрт негізінен тұрғындардың отты пайдаланғанда абайсыздық танытуынан болды. 165 өрт оқиғасында пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған. 75 өрт оқиғасы тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауынан, 10 өрт оқиғасы төсекте масаң күйде темекі шегуден болды. 1 адам газбен уланып, қайтыс болды, 3 адам газбен уланды. 2000 жылдан бастап мемлекеттік өрт бақылау органдарына тұрғын үйлерді тексеруге тиым салынды. Дегенмен, департамент жыл сайын жылу беру маусымында облыстың тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жұмысын жүргізеді. Бұл іс-шараға департамент мамандарымен бірге жергілікті атқарушы органдар, волонтерлер және аудиторлық ұйымдар қатысты. Ерекше назар әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға аударылып, 8782 отбасы есепке алынды. Сондай-ақ, өткен жылу беру маусымында үйлерге улы газды ескертетін 2 512 датчик орнатылды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың 8 587 баспанасы өрт қауіпсіздігі жағдайына келтірілді,–деген Манарбек Шапағатов атқарылған бұл жұмыстар оң нәтижесін бергенін айтты.
Мәселен, өткен жылу беру маусымы кезінде Степногорск қаласы мен Астрахан ауданында тұратын отбастарында датчик іске қосылып, 6 адамды ажалдан арашалап қалған екен. Одан әрі азаматтық қорғау полковнигі БАҚ-мен қоян-қолтық жұмыс істейтіндерін, өрттің алдын алудың маңызды шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау болып табылатынын атап өтті.
–12 сәуірден бастап Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында қауіпті өрт маусымы басталды. Осы кезеңде орман өртінің 4 оқиғасы және құрғақ шөп жануының 4 оқиғасы тіркелді. Бұл фактілер орман мен дала өртін ескерту және сөндіру мәселесін шешуге алдын ала дайындалу қажеттігін көрсетеді. Көктем мен жаз айларында табиғи өрттің туындау тәуекелдігі көбейетіні белгілі. Көбіне өрт қараусыз қалған алаудан, темекі тұқылы мен сіреңкеден, транспорттың ұшқынынан, шөп жағудан, сынған шыныдан болады.
Биылғы жылы шыға қалған өртті сөндіру үшін 206 техника, 3 өрттік су сорғыш станциясы, 300 ранцтік өрт сөндіргіш, 98 мотопомпа дайындалды. Қауіпті өрт маусымына елді мекендерде 1141 адамнан тұратын 208 ерікті өртке қарсы құрылым құрылды. Мамыр айында департамент балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс орындарының, сондай-ақ, қауіпті аумақта және қалың орманда орналасқан пансионаттар мен шипажайлардың өрт қауіпсіздігін тексеруді аяқтайды.
Облыс аумағында 22 орман шаруашылығы, 3 ұлттық парк, 6 өзге де орман иелері жұмыс істейді. Бұл ұжымдар да өртке қарсы техникалармен және арнайы құрал-жабдықтармен, өрт бақылайтын мұнаралармен және су көздерімен қамтамасыз етілген. Өкінішке орай, «Бұқпа», «Барап» тәрізді кейбір орман шаруашылықтарында орман өрті станциясы құрылмаған. Облыс аумағында орман өртін қадағалау үшін космостық мониторинг жүргізіледі. Орман өртінің алдын алу ұшақпен бақыланады. Жерден патрульдеу үшін облыс аумағында құрамында 167 адамы бар 51 жедел топ құрылған. Олар орманда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ереже талаптарын бұзғандарды Заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартуда. Брифингте осындай жұмыстар атап өтіліп, өрттің алдын алудың маңызды шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау екендігі айтылды.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар