2021 жылдың 1 сәуірінен бастап электрондық үкімет порталы арқылы 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 тамызына дейін жалғасады.
Сіздердің назарларыңызға 1 сыныпқа қабылдау бойынша бейне нұсқаулығын ұсынамыз.
Мектеп 1 сыныпқа 6 жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатындарды қабылдайды.
Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады бұл үшін қажет:
— ата-аналардан (немесе оларды ауыстыратын тұлғалардан) өтініш);
— баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
— «Баланың денсаулық паспорты»;
— 3х4 екі фотосурет.
Құжаттарды қабылдау мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы үш өтініш берушіге, содан кейін бір өтініш берушіге басқа шағын учаскеден (3:1 қағидаты бойынша) жүргізіледі.
422 Total Views , 1 Views Today