Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Санадан өшпес қасірет - АРҚА АЖАРЫ

Санадан өшпес қасірет

Осыдан 35 жыл бұрын, яғни, 1986 жылдың 26 сәуірінде Украинаның Чернобыль қаласында атом-электр станциясының төртінші блогы жарылып, алапат апат бүкіл әлемді дүр сілкіндірген болатын. Апаттың зардабын жою жолында жүз мыңдаған сарбаздармен бірге, сол кездегі Кеңес әскері қатарында міндетті әскери борышын өтеп жүрген қазақстандық жас жауынгерлер сапында біз де азаматтық борышымызды абыроймен атқардық, апатта да антымызға адал болдық.

Атом электр станциясы жарылысының залалынан Украина, Беларусь, Ресейдің 15 субъектісі, Балтық, Шығыс және Солтүстік Еуропаның жеке аумақтары, жалпы алғанда, 2,5 миллион адамы бар жеті мың қала, ауыл мен село зардап шекті. Бұл катастрофа радиологиялық, медициналық, демографиялық және әлеуметтік-психологиялық залал келтіріп, қаншама адамның тағдырына кері әсер етті. Оны жоюға қатысқан қазақстандықтың дені мүгедек болып қалды, көбі дүниеден өтті.

Қазіргі таңда Ақмола облысында Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан 427 ардагер бар болса, олардың 124-і Көкшетау қаласында тұрады. Қарусыз майданның, радиация жайлаған «сәулелі» соғыстың салдарынан денсаулықтарынан айрылған, көбі әртүрлі дәрежедегі мүгедектер. Отан үшін жас ғұмырын пида етіп, апатты залалсыздандыруға қатысқан сарбаздар сол кезде бар-жоғы жасы жиырмаға толмаған өрімдей жастар еді.

1986 жылы мерзімді әскер қатарына шақырылған жастардың бірі едім. Мен өзімнің азаматтық борышымды Украинаның Харьков қаласында, 57360 әскери бөлімінде теміржол әскерлерінің құрамында өтедім. 1986 жылдың мамыр-қыркүйек айларына дейін электровоз машинисінің көмекшісін даярлау курсынан өттім де, 19 қазанда Янов станциясын қайта құру және Славутич қаласының кіреберіс жолдарының құрылысын қалпына келтіру үшін Неданчичи станциясына жіберілдім. Жұмыстар Чернобыль апаты болған жерден 80 шақырымдық жерде жүргізілді. 1986 жылдың 26 желтоқсанында Харьков қаласына жіберіліп, 1988 жылдың мамыр айында әскерден елге оралдым.
Иә, адамзатқа орны толмас қайғы әкелген Чернобыль апатында қаза болған, өмірмен ерте қош айтысқан рухтас жолдастарымыздың ерлігі мәңгі есте. Бұл апат санамыздан өшпестей мәңгі ізін қалдырған қасірет.

Өңірімізде зардапты жоюға қатысқан отандастарымыздың ерлік ісін жас ұрпаққа насихаттау, ардагерлерге құрмет көрсету сияқты ізгі шаралар жүйелі ұйымдастырылуда. Осы орайда, бізді қолдаудан кенде қалдырмайтын облыс басшысына ризашылығымыз шексіз. Әр бастамамызды қуаттап, қамқорлық көрсетіп отырады. Апаттың 35 жылдығына орай, жанымызда жүрген чернобыльдік ардагерлерге арнайы белгі жасатып, табыс етудеміз. Сонымен қатар, Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға 20 АЕК теңгеден сыйақы берілді. Жыл сайын еліміздің кез-келген сауықтыру орталығына тегін жолдама беріледі. Қажетті дәрі-дәрмектің уақытылы беріле қоймайтыны ғана көңілге кірбің ұялататыны бар. Бұл мәселе де бір шешімін табар деген үміттеміз.

Жылдар өтсе де, алапат жарылыстың жаңғыры біздің жүрегімізден өшпейтіні анық. Санадан кетпейтін қасірет енді ешқашан қайталанбасыншы! Өскелең ұрпақ бақытты болса екен деп тілейміз біз!

Марат ЖЕТЕРОВ,
«Чернобыльдің аса қауіпті аймақтарында
болған мүгедектер мен ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар