Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер тұтастығы-Тәуелсіздіктің берік тұғыры! - АРҚА АЖАРЫ

Жер тұтастығы-Тәуелсіздіктің берік тұғыры!

Кеше жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Осы жиында жер иелігіне қатысты нормаларға белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды.

Әрине, бұл да көңілге сенім ұялатар жай. «Қазақ үшін тоқымдай жер қымбат» деген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір ауыз сөзі көкейлен шыққаны да анық.

Әлқисса, кең байтақ қазақ жеріне кім көрінгеннің көз құрты түсе бастағаны күні бүгін дейсіз бе?! Сонау жаугершілік замандарда ата-бабаларымыз аттан түспей, қалмағы мен жоңғары бар не бір жаулармен осы жер үшін алысып өтті емес пе? Одан кейін орыс патшасының отарлау саясаты да қазаққа аз қасірет әкелмегіні анық. «Еділді келіп алғаны етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны, жағаға қолды салғаны, Ойылды келіп алғаны, ойындағысы болғаны» деп Мұрат Мөңкеұлының жүрегі қарс айырыла айтқанын да қазақ баласы ұмыта алар ма?

Комиссия мүшелері жер иелгіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзартуды қолдап дауыс беруін орынды деп ойлаймын. «Меншікке байланысты «болады не болмайды» деп шешім қабылдамай, оны болашаққа қалдыру керек деп ойлаймын», –деген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың осы пікірі де жөн. Біз ендігі арада осы маратори жарияланған 5 жылдың ішінде жеріміздің есебін түгендеп, тиянақтап, «анада мынша жер бар екен» дегенді жай ғана айтпай, кімде қанша жер бар екендігін ашық жариялап отырсақ та болар еді

Және де қазақ баласы біздің де әрқайсымыз жерге ие болудың осы заманғы әдісі мен тәсілін жете меңгергеніміз абзал. Жермен еңбек ету мәселесіне ерекше ден қоюға тиістіміз.Жерде еңбек етсек қана ол жердің иесі бола аламыз. Сонымен бірге мемлекет те ендігі арада халықтың жерді игеру мәселесіне де қатысты өз шешімдерін анық та айқын айтуға тиісті.

Қазақ жері біртұтас ұлттың жері. Егер де дәл бүгінгідей ауылдарымыз қаңырап бос қалып жатса, жайлауымыз малсыз қалса, халқымыз өспей жатса, көбіміз шет елде тұруға ұмтылып отырсақ, әрине қазақ жері кім көрінгеннің көз құрты болып қала берері бар.Баяғы Биағаңның, Бейімбет Майлиннің «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» деген ұранын қайра көтеретін кез келген сияқты.

Сонымен бірге елдің бірлігі мен тыныштығын сақтау, Тәуелсіздікті ең қасиетті жетістігіміз деп білгеніміз де абзал. Жер тұтастығы-Тәуелсіздіктің берік тұғыры!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

«Ақмола-Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар