Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Израильде 10 айда алғаш рет тәулік ішінде COVID-19-дан бір де бір өлім жағдайы тіркелген жоқ.
Бұған дейін 10 күн ішінде күнделікті өлім-жітім саны бес адамнан аспады, ал 22 сәуірде ол біреуге дейін азайды. Қазіргі уақытта Израиль әлемдегі вакцинацияның ең жоғары деңгейіне ие. Бейсенбіде елде вакцинаның екі дозасын қабылдағандардың саны 5 миллионнан асты.
Үндістан күніне алғаш рет коронавируспен ауыратындар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Өлім деңгейі мен жұқтырғандардың жалпы саны бойынша ол АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Бұл ретте елде халықтың 10% жуығы вакцинацияланды.
Германияда 300-ден астам қала мен округте карантин күшейтіліп, коменданттық сағат кешкі 10-нан бастап күшіне енеді. Қатаң шектеулер кем дегенде маусым айының соңына дейін қолданылады.
Берлинде жағдайды вакцинация арқылы бақылауға алуға болады деп күтілуде. Италияда кафелер мен мейрамханалар ашылуға дайындалып жатыр: дүйсенбіде олар алғашқы келушілерді қабылдай алады, бірақ әзірге тек террассада ғана рұқсат етілген.
Грекияда сенбі күнінен бастап сатып алушылар азық-түлік сатпайтын дүкендерге де кіре алады. Бұған дейін олар тек тапсырыспен жұмыс істеген. Енді сауданы бұрынғыдай жасауға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, шаштараздар мен сұлулық салондары жұмысы қайта жанданды.
Дереккөз: inform.kz