Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасымен екпе алды - АРҚА АЖАРЫ

Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасымен екпе алды

26 сәуірінде халықты QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық QazVac вакцинасымен екпе алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі институтта 50 мың дозамен өндірілді. Институтымыз вакцинаны дербес өндіруге мүмкіндігі бар. Қазақстанда өндірілген дозалар барлық өңірлерге жіберілді. Мұнан ары өндірісті ұлғайта түсу үшін түрлі алаңдарды қарастырып жатырмыз. Бұл — түрік серіктестеріміздің алаңы.

Сонымен Гвардейскийде өзіміздің зауытты салу үстіндеміз. Қазір ол мұнан ары іске қосу үшін құрал-жабдықтарын орнатудың барлық кезеңінен өтіп жатыр», — деді Алексей Цой тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алғаннан кейін «Хабар 24» телеарнасы тілшісіне берген сұхбатында. Сонымен қатар ол қазақстандық вакцинаны Түркияда құюға қатысты уағаластық пысықталып жатқанын баса айтты. 22 cәуір күні COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді.

QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» хабтарына таратылып, одан әрі еліміздің барлық өңірлеріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізіледі. Бұдан әрі вакцина өндірісі кезең-кезеңмен айына 500-600 мың дозаға дейін ұлғайтылады. Қазақстандық вакцинаның артықшылықтары туралы айтылды.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов еріктілердің клиникалық зерттеуі қалай өтіп жатқанын айтып берген еді. Сонымен бірге, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жануарлардың коронавирусына қарсы вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Вакцина әзірлеп жатқан Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының еңбекақысын көтеруге қаражат бөлінді.

Дереккөз: inform.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар