Целиноград ауданы әкімдігінің мәліметінше, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлері, волонтерлер және ауданның қалған тұрғындары Ақмола облысы бойынша экология департаментінің бастамасын қолдап, «Бірге – таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосты.
Акция аясында елді мекендердің аумақтарын қоқыстан, түскен жапырақтар мен қураған ағаштардан тазарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
Жергілікті тұрғындар атап өткендей, экологиялық акция – бұл жақсы дәстүр, бұл ауданды жайлы әрі әдемі етіп қана қоймай, тұрғындарды қоршаған ортаны аялауға шақырады.