Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай – ақ Ұлттық ағаш отырғызу күні шеңберінде Қызылжар орманшылығы аумағында символдық мөлшерде –30 ағаш отырғызды.
Шара «Таза табиғат» жобасы аясында жүргізілді. Бұл ағартушылық және тәрбиелік акция, оның мақсаты – қоршаған ортаның жай-күйі үшін әркімнің жауапкершілігін сезінуге негізделген экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында «Таза табиғат»жобасын іске асыруды ұсынған болатын. Жобаның маңызды бағыттарының бірі-ағаш отырғызу. Экология министрлігі бұл бастаманы қолдады және «Наурыз мейрамын» мерекелеу күндері еліміздің өңірлерінде ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру бойынша ауқымды акция өтті.