«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, болашағынан үлкен үміт күттірген Таир Жүнісов есімді өнерпаз бала кезінен осынау екі шекті ұлттық аспапта ойнауға әуес болып келеді.
Ол Жарқайың ауданындағы балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқушысы. Өнерге жаны құмар бала музыка сабағының материалдарын жақсы қабылдап, берілген тапсырмаларын уақытында орындайды. Үміт артқан ата-анасы болашақ домбырашы балаларын үнемі қолдап отырады.
Таир ағымдағы жылдың наурыз айында өткен «JAS DARYN» халықаралық музыка фестиваль-байқауында жас талант жүлделі бірінші орынды иеленді. Өнерпазды домбыраға баулып жүрген жетекшісі Айжан Молдағұлова жас дарынның өнерін шыңдауға бар білімін, сонымен бірге жүрек жылуын жұмсап келеді. Бізде жас дарын Таирға өмірде де, өнерде де жолының сәттілігін тілейміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.