Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Індет өршіп барады. Сақ болайық! - АРҚА АЖАРЫ

Індет өршіп барады. Сақ болайық!

Ақмола облысы коронавирус жұқпасының таралуын бағалау матрицасына сәйкес үш аптадан бері «қызыл» аймақта. Жағдай күн сайын күрделеніп барады. Індет жалпы білім беретін мектептерде де өрши түскен. Әсіресе, мектепке барып оқитын оқушылар арасында корнавирус жұқтыру көбейген. Осыған байланысты бұған дейін дәстүрлі форматта білім беріп жатқан мектептердің 7-еуі қашықтықтан оқытуға көшті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.

Аты жаман жұқпалы індет облыс аумағында басталғалы 17867 жағдай зертханалық жолмен анықталыпты, оның 5565-інде індет белгілері байқалмаған. Соңғы уақытта коронавирус инфекциясын (КВИ) жұқтырғандар саны 1,4 есеге көбейген. Мәселен, күні кеше 146 адамнан індет зертханалық жолмен анықталды. Наурыз айымен салыстыратын болсақ, сәуірде індет жұқтыру жағдайы 30 пайызға артып отыр. Наурызда КВИ 1715 адамнан анықталса, сәуірдегі көрсеткіш өкінішке орай 2497 жағдайға жеткен.
Аумақтарға тоқталсақ, Бурабай ауданы жұқпаны жұқтыру жағынан көш басында. Ондағы эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Бір айда мұнда індет 457 жағдайға жетіп, өткен айдан 1,5 есеге дейін көп анықталған. Көкшетау қаласында 419, Аршалы ауданында 281 адам індетке шалдыққан. Сөйтіп, соңғысында көрсеткіш 4 есеге өскен. Төртінші орында Атбасар, одан кейін Шортанды және Ақкөл аудандары тұр. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға жасалған бағалау матрицасына сәйкес облыстың барлық аудандары «қызыл» аймақта, тек Қорғалжын ауданы «сары», Біржан сал ауданы «жасыл» аймақта.
– Індеттің таралуының ушығып кетуі күннің жылынуымен де байланысты. Себебі, күн жылынғалы адамдар бір-бірімен әлеуметтік арақашықтыққа мән бермей, жақын араласуда. Жаппай қыдырулар, қоғамдық тамақтану орындарына бару, үйлерінде ауызашар өткізу, осылардың бірінде де маска тағып, арақашықтық сақталмайды, –дейді облыстың бас санитарлық дәрігері.
Мектеп оқушылары арасында да КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. Оқу жылының басынан 1249 оқушы індетке шалдыққан. Соның 510-ы
штаттық режимде оқитындар, 739-ы қашықтықтан білім алушылар. Соңғы аптада 258 оқушыдан коронавирус зертханалық жолмен анықталды. Ал, соңғы тәулікте 28 оқушы індет жұқтырды. Жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлері арасында оқу жылының басынан бері 482 оқиға тіркелген.
– Қазіргі уақытта коронавирус мектептерде көп анықталып жатқандықтан, облыстағы дәстүрлі форматта оқып жүрген 7 білім ордасы, атап айтқанда, Зеренді ауданында – 2, Ақкөлде – 1, Қорғалжында – 1, Бурабай ауданында – 3 мектеп қашықтықтан оқыту түріне ауыстырылды, – деді Айнагүл Советқызы.
Вакцина егу еліміз бойынша жалғасуда. Облыста 86 екпе пункті мен 26 жылжымалы мобильді екпе бригадалары жұмыс істейді. Денсаулық сақтау министрлігі «электрондық үкімет» порталында «Екпе алуға жазылу» қызметін іске қосыпты. Енді осы портал арқылы әркімнің ерікті түрде екпе алуға жазылуға мүмкіндігі бар. 27 сәуірде облысқа Қарағанды фармкомбинатынан 30900 доза «Спутник-V» вакцинасы жеткізілген. Осы күнге дейін облыс бойынша 25886 адам коронавирусқа қарсы екпенің бірінші, оның 7 мыңға жуығы екінші компонентін алып үлгерген. Облыс тұрғындары арасында коранавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін ешқандай да кері әсер берген жағдайлар тіркелген жоқ.
– Қазақстанда 26 сәуірден бастап, отандық QazVac вакцинасы да салына бастады, облысқа бұл екпенің 2 мың дозасы жеткізілді. Бұл вакцинаны Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты өндірді. Иммунизация процесі «Спутник-V» вакцинасы тәрізді, тек QazVac-та бір ампула бір адамға ғана арналса, ресейлік екпенің бір ампуласында 5 доза бар. Қазақстандық екпені 2-8 градус жылылықта сақтай беруге болады және оны саларда еруін күту қажет емес. Бұл вакцинаны аларда да адамдар алдымен медициналық тексерістен өтіп, денсаулығы жақсы болғанда ғана салынады. Екінші бөлігін 21 күннен кейін алу қажет. Бірақ, аллергиясы бар және 18-ге толмаған адамдарға аталған вакциналарды алуға болмайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлеуметтік желілерде вакцина алған адамдардың кері әсерге тап болып жатқандығы көрсетілген жалған ақпараттар таратылып жатыр, мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ, –деп атап өтті бас санитарлық дәрігер.
Қазақстандықтар бүгінде ресейлік, отандық және қытайлық екпе түрлерін өз қалаулары бойынша ала алады. Біздің облысқа да қытайлық вакцинаны әкелу жоспарланыпты. Дегенмен, бір вакцинаның алғашқы компонентін алғандар, екінші компонентті басқа вакцинадан салғызуларына болмайды.
Брифинг барысында мобильді топтардың жұмысы да кеңінен қамтылды. Қаншама карантиндік шектеулер қойылып жатса да, оған бағынбай, той-томалақ өткізу, ауызашарға адамдарды көп жинау немесе кейбір мекемелердің ауқымды іс-шаралар өткізулері сынға алынып, оларға тиісті әкімшілік жауапқа тарту шаралары қолданылып жатқандығы сөз болды. Ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап облыста «ASHYQ» пилоттық жобасы енгізілді, ол бизнес субъектілеріндегі КВИ жұқтыру қаупін азайту мақсатында ұйымдастырылған. Бұл жоба қосымшасы жалпы деректер қорымен біріктіріле жасалған, соның нәтижесінде кез-келген жеке тұлғаның ауырғанын немесе контактіде болғандығын анықтауға болады. Дегенмен, қосымша бар деп бизнес субъектілерінің карантиндік талаптарды сақтамауларына жол берілмейді. Қазіргі уақытта бұл пилоттық жобаға қатысуға облыстың 47 кәсіпкері өтініш беріп, олардың 18-і тестілеуден өтіп, қосымшамен жұмыс істеуде. Бір нысанға өтіп кетпекші болған 11 сынып оқушысын QR-кодпен тестілеу кезінде сары түсі жанып, оқушының контактіде болғаны, карантинде жүргені анықталыпты. Оқушының ата-анасына әкімшілік жазалау іс-шарасы қолданылған. Осындай жағдайлар анықталатын болса, басқалар да тиісті жауапкершілікке тартылады.
Брифинг соңында бас санитарлық дәрігер халықты қазіргі қолданыстағы қаулыға сәйкес карантиндік шараларды қатаң сақтауға, әркімді адамдар көп шоғырланатын орындарға бармауға, антисептик құралдарын жиі пайдаланып, жақындарына жанашыр болуға шақырды.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар