Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шындық пен өтірік - АРҚА АЖАРЫ

Шындық пен өтірік

Егеменді ел болғалы – отыз жыл. Жаңа ұрпақ өсті. Ендігі жердегі үрейдің мәнісі неде? Тағы да ойлану керек. Қазақ елінің орыс шовинистері жаулап алуы мүмкін деген үрей әлі де бар, оның себептері де жоқ емес. Бұл үрей сырттан және іштен сыр беруде. Сырттан түсінікті, Ресей саясаткерлерінің біздің елге пиғылдары жат.

Арғы замандарға бармай-ақ сөзімізді ХХ ғасыр деп аталатын жүзжылдықтан бастасақ, бұл өтіріктің өршіген кезі. Өтірік әлемдік идеологияға айналды. Батыс Еуропада жаңа заманнан басталған өтірік ХХ ғасырда жаңа сапаға өтті.

Өтірікке бір бөгет дін еді, ХХ ғасыр секуляризация дәуіріне айналды. Еуропа діннен ажырай бастады. Дінсіз дәуірлерде өтіріктің тың түрлері ағартушылық және гуманизм, саяси, идеялық, индустрологиялық қуатқа айналды.
Батыс Еуропада қалыптасқан ағартушылық және гуманизм идеялары, әуелі Ресей, одан қазақ елінде гуманитарлық, қоғамдық білім жүйелеріне әбден сіңіп, тарады.
Негізінде, анығын айтқанда, ағартушылық және гуманистік білім, ілім, теориялар Ресейлік және қазақ қоғамының идеясына айналды. Ресейде Белинский тәрізді сауаттылар Батыстың ағартушылығын және гуманизм идеяларының таралуына алғы шарттар жасай бастаған. Ресейлік еуропашылар, ағартушылар әрі гуманистер деуге әбден болады.
Алайда, еуропалық ағартушылық пен гуманистік идеяларда социализмнің «жылы ағысы» барын Ф. Достоевский секілді қаламгерлер сезген, білген, түсінген. Бір сөзбен айтқанда, социализмнің Ресей қоғамы үшін қауіпті екендігін ескерткен.
Амал жоқ. Өтірік өрістей берді, ақыры 1917 жылғы қазан жетті. Шын мәнінде Қазан төңкерісін жасаушылар нағыз өтірікшілер болатын.
Батыс Еуропада ашықтан-ашық шыққаннан тауы шағылған өтірікшілер Ресей империясына мықтап ұя салды, оның нәтижесі жеңіске жеткен пролетарлық революция, құрылған Пролетариат Диктатурасы. Бұл мемлекеттің бұрын-соңды болып көрмеген тарихи жаңа типі.
Әйгілі өтірікші Ленин бұл мемлекетті машина деді. Мақсат – тап жауларын жою. Сол үшін жаңа мемлекет Пролетариат Диктатурасы қажет болды. Оның тарихи қажеттілігін дәлелдеп берген өтірікшілер көсемі Карл Маркс. Ол қылмыс ілімін жасаушы теоретик.
***
Ленин бастап, Сталин қолдаған өтірік ілімге негізделген алып коммунистік империя құрылды, ол КСРО деп аталды. Өтіріктің тарихи өресі қысқа, империя 1917 жылы құрылып, 1991 жылы іріп-шіріп, ыдырап тынды.
Тәуелсіз елдер легі өмірге келді. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіз ел атанды. Ойладық, өтіріктің желкесі қиылды ма деп. Расында тәуелсіз ел атану өтіріктің шындыққа айналуы.
Егеменді қазақ елі – шындық. Қазақтар мәз болдық. Алайда, біз қоғамдық, гуманитарлық саладағы ғалымдар сол ертеде қалыптасып әдетке, дағдыға айналып қалдық. Адасқан көпті алып шыға алатын бірде-бір салада тұлға болмады.
Бізден бұл мәселеде Балтық жағалауындағы елдер: Эстония, Латвия, Литвалар асып түсті.
Бертін келе өтірікті шындықтан ажыратуда Грузия, Украина, көрші қырғыздар, Молдовалар алға түскендері белгілі болуда.
Қазақтар тәубешіл халықпыз. Қойнымызға қонақшылдық дәстүрі негізінде көптеген жұртты алдық. Осы жағдайдан бірнеше мәселелер өрбімек.
Біріншіден, тәубешілдіқ, яғни, сабыр түбі сары алтын деу жақсы, бірақ тым тәубешіл, тым сабырлы емеспіз бе? Ойланған жөн.
Екіншіден, неге қабыл алған жұрттар қазақ тіліне, дәстүріне қызмет етпеуде. Қиын жағдай. Біз оларға қол ұшын бердік, ал қазір неге олар қазақтарға қол ұшын бермеуде. Ойланған жөн.
Үшіншіден, неге қазақ қоғамында сыншылдық жоқ. Сын мінді айқындаушы. Неге, Абай секілді өз мінімізді ашық айтып, одан арылу жолдарына мықтап түспей жалтақтаудамыз.
Төртіншіден, өтіріктен арылу жолы бойымызға әдет болып сіңген үрейден арылу қажет. Үрейді бізге коммунистер екті. Мәнісі Карл Маркс, Владимир Ленин, Сталин, яғни, коммунистерге, социализм, коммунизм идеяларына қарсы шықпақ.
Ресей империясына, жалпы бодандыққа, орыс елінің үстемдік саясатына (шовинизмге) қарсы шықпақ. Қазақ зиялыларының бойларынан кетпей жүрген үрей сезімінің мәнісі осылар.
***
Егеменді ел болғалы – отыз жыл. Жаңа ұрпақ өсті. Ендігі жердегі үрейдің мәнісі неде? Тағы да ойлану керек.
Қазақ елінің орыс шовинистері жаулап алуы мүмкін деген үрей әлі де бар, оның себептері де жоқ емес.
Бұл үрей сырттан және іштен сыр беруде. Сырттан түсінікті, Ресей саясаткерлерінің біздің елге пиғылдары жат.
Іштен, сыртқы жауларға өзіміз повод даем. Неге! Себептері негізінен саясатқа, коррупцияға саяды.
Мысалы, қазақтар тарихында ешқашан мемлекет болмаған, белгіленген шекара болмаған, Қазақ Ордасы деген мемлекет емес деушілер – өз ішіміздегі мүйіздері қарағайдай қазақтар. Мұны орыс саясаткерлері өте ұтымды пайдалануда. Бұған не дейміз?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар