Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жағдайдағы білім беру мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жағдайдағы білім беру мәселелері талқыланды

Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» деген тақырыпта онлайн форматта дөңгелек үстел жиыны болып өтті.

Еліміздің барлық аймағынан мыңнан астам педагог қатысқан іс-шарада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова баяндама жасап, өз ойын ортаға салды.
– Американдық футуролог Элвин Тоффлер «21 ғасырда сауатсыз адамдар оқу мен жазуды білмейтіндер емес, оқуды, үйренуді және қайта оқуды білмейтіндер болады» деген еді. Шынында да, бүгінде жаңа технологиялар білім беру қажеттіліктерін өзгертуде. Білім беру саласы цифрлық трансформациядан өтуде, ол дегеніміз цифрлық білім беру инфрақұрылымын және цифрлық оқу-әдістемелік материалдарды, цифрлық бағалауды қоса алғанда, құралдар мен сервистерді дамытуды, сондай-ақ, оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа модельдерді әзірлеуді және таратуды көздейді, – деп атап өтті Күләш Ноғатайқызы өз сөзінде.
Педагогтардың өзара пікір-алмасу жағдайында өткен жиынға Англияның белгілі ғалымы Энди Коуп қосылып, өз тәжірибесін ортаға салса, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова да өз баяндамасында көптеген өзекті мәселелерді ашып айтты.
– Басты мәселе – мұғалімдердің өзгерістерге қаншалықты тез бейімделіп, тәжірибесін қайта құра алатындығында. Біз пандемия кезінде мұғалімнің рөлі кез-келген өзгеріске қарамастан, қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткіздік. – деді ол.
Светлана Багитовнаның пікірін Литвадан қосылған белгілі ғалым, Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің сарапшысы Дарюс Радкявичюс те қуаттап, өз пікірін былайша сабақтады:
– Қашықтықтан оқыту кезінде оқушы нені жоғалтады деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, алдымен тікелей қарым-қатынас пен байланысты көзбен алмастыруға болмайтынын ұғындық. Ең бастысы – топтық жұмыс барысындағы жаңаны тану қуанышын көзбен көріп, көңілмен сезіну. Осындай эмоциялардан айырылып қалдық. Бұл оқушыға да мұғалімге де оңай емес екендігін көрсетті. Мұғалімдер үшін қуанышқа толы балаларды және олардың жарқыраған көздерін көрген кездегі жан мен ақылдың шынайы резонанс
-ты, дидактикалық шабытты сезіну маңызды еді. Алайда, мұғалімдер жаңа форматтағы оқу үрдісіне үйрене алды, – деді ол.
Жиын барысында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қожаберген жырау атындағы орта мектеп директоры Бауыржан Мұсабаев пен Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық №1 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Нұргүл Абдуллаеваның пандемия сабақтары мен қашықтықтан оқытуды енгізу туралы баяндамалары педагогтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Орал қаласындағы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Айжан Жанатова литвалық спикер секілді, бірінші кезекте балалардың оқуға деген ықыласын жоғалтпау, кері байланыс орнату және оқушыларды эмоционалдық күйзеліс пен сенімсіздік жағдайында қалай ынталандыру керектігі туралы жеке тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, білім беру бағдарламалары орталығының талдау, зерттеу және жобаларды басқару бөлімінің меңгерушісі Самат Қалменов, педагогикалық өлшемдер орталығының директоры Айдана Шілібекова және тағы басқалардың баяндамасы тыңдалды.
Онлайн кездесу кезінде барлық педагогтар әрбір мектеп үшін пандемия форматындағы басты үрдістерді анықтаудың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар