Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, «2020 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» өңірлік байқауына төрт аталым бойынша 25 өтінім қабылданды: «Үздік инновациялық жоба» – 4 өтінім, «Үздік жас кәсіпкер» – 5 өтінім, «Үздік кәсіпкер әйел» – 12 өтінім, «Үздік стартап» – 4 өтінім.
«Байқауға облыстың 11 өңірден – Көкшетау қаласы, Степногорск қаласы, Зеренді, Ерейментау, Астрахан, Атбасар, Целиноград, Жарқайың, Бурабай, Біржан сал, Қорғалжын аудандарына шағын және орта бизнес өкілдері қатысты», – дейді басқарма басшысының орынбасары Жаслан Айдрахманов.
Байқау комиссияның шешімі бойынша «Үздік жас кәсіпкер» аталымында компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеумен айналысатын «Саян» ЖК басшысы Сағымбай Ботпаев (Ерейментау ауданы) жеңімпаз болып танылды.
«Үздік кәсіпкер-әйел» аталымында сүт сатып алу және қайта өңдеумен айналысатын «Нұр-А» ӘКК директоры Гүлбаршын Қожахмет (Астрахан ауданы) үздік атанды.
«Үздік стартап» аталымында «Beslim» фитнес клубы» сау дене кабинетінің иесі – «Вита» ЖК (Атбасар қ.) директоры Оксана Здоровец лайық деп танылды.
«Үздік инновациялық жоба» аталымында ішкі туризм саласында қызмет көрсететін «Парус» ЖК басшысы Арман Сұлтанов жүлдегер атанды.