Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемгі су тасқынының қаупі жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Көктемгі су тасқынының қаупі жоқ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев ендігі арада облыс бойынша биылғы көктемгі су тасқынынан қауіп жоқтығын мәлімдеді.

Облыс аумағында көктемгі су тасқынының қауіп-қатері артта қалды. Бұл туралы Нұрлан Атығаев:
–Қардың еріп, ағынды судың пайда болуы нәтижесінде Жабай, Есіл, Қалқұтан, Сілеті өзендерінің су деңгейі жоғары көтерілгені байқалды. Өзге өзендерде де су деңгейі біршама көтерілді. Алайда, бүгінгі күні гидробекеттердің көбінде су деңгейінің бірден 20 сантиметрге түскені байқалады. Су деңгейі жоғары мөлшерден аспағандықтан, біз қауіптенген тасқын болмады. Рас, көктемгі су тасқыны маусымы барысында Целиноград ауданының Қоянды ауылында орналасқан
5 тұрғын үйді, Целиноград, Аршалы, Атбасар аудандарында 120 ауланы су алғаны тіркелді. Автожолдың 32 учаскесі ағынды су астында қалды. Ерейментау ауданында орналасқан республикалық маңызы бар автокөлік жолын су шайып кетті. Осы аудандағы Бестоғай ауылына баратын жол да жабылып қалды. Бұл жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында тұр,–деді.
Биыл облыс бойынша көктемгі су тасқынының алдын алуға 2733 адам, 1292 техника, 59 суда жүзетін құралдар, 248 мотопомпа жұмылдырылды. Тұрғындарды көшіруге 222 бекет дайындалып, қоғамдық тамақтандыру, жататын орындар ұйымдастырылды. Малдарды тасымалдау үшін 98 орын және 157 мың тонна азық қарастырылды.
–Биылғы жылдың 25 наурызында облыста көктемгі су тасқынына қарсы жедел штаб құрылды. Мұндай штабтар облыстың барлық өңірлерінде жұмыс істеді. Осы айдың үшінші онкүндігінде 10 аудандағы өзендерде мұз жару жұмысы жүргізілді. Сәуірдің 10-16 аралығында елді мекендерді тасқын су алмауы мақсатында
5 аудан арқылы ағып өтетін Есіл, Қарасу, Жабай, Нұра, Жыланды өзендерінің мұзын жардық. Бұл жұмысқа Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері де тартылды. Бұл ретте, Көкшетау қаласы мен Атбасар, Сандықтау, Астрахан ауданы әкімдіктерінің жақсы жұмысын атап өткен жөн. Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде қауіп-қатер бірте-бірте сейіліп, қатты су тасқыны облысты айналып өтті,–деп сөзін қорытындылаған департамент бастығы бұдан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар