Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас оқырмандар жерлес жазушымен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Жас оқырмандар жерлес жазушымен кездесті

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.

Мағира Қожахметова туралы көп жастарымыз біле бермеуі мүмкін, дегенмен, «Балбұлақ» журналының тұрақты оқырмандары ол кісіні таниды. Мағира Дәулетбекқызы Қожахметова 1946 жылы 5 ақпанда Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Қошқарбай ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Көкшетау кітапхана колледжін тәмамдап, мектеп кітапханасында жұмыс істеді. 1969 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, республикалық «Қазақстан әйелдері», «Денсаулық» журналдарында жұмыс істеді. 1996 жылдан 2002 жылға дейін «Ақ желкен» республикалық балалар журналында қызмет атқарды. 2002 жылдан бастап «Балбұлақ» республикалық балалар журналының, сондай-ақ, 2005 жылдан бастап медициналық, ағартушылық «Дертке дауа» газетінің бас редакторы. Мағира Дәулетбекқызы көптеген туындылар мен танымдық мақалалардың, сол сияқты, «Күннің алтын сынығы», «Әлем-әуен», «Жылы шырай», «Адам-құпия», «Жантәсілім», «Жападан жалғыз» кітаптарының, шығармашылық портреттердің авторы. Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Мәриям Хакімжанованың 2006 жылы баспадан шыққан үш томдық шығармалар жинағын құрастырған.
Жазушы еңбегі әр жылдары жоғары бағаланып, 1982 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен, 2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.
Кездесу барысында көрермендер мен оқырмандар осы мәліметтердің барлығынан хабардар болды. Жерлес жазушының өзіне оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Қаламгер өзінің журналистика факультетіне оқуға түсудегі қиындықтары мен қызықтарын айтып берді. Қазіргі жастар мен балалардың кітап, газет-журналдар оқуға деген құлшыныстарын арттыруға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.
«Балбұлақ»  – балалар мен жасөспірімдердің табиғи қабілетін оятып, талабын шыңдауға бағытталған ақпараттық танымдық журнал. Ол республика көлемінде таралады. Бұл журналды жасап дайындайтын балалар жасөспірімдер екенін айта кету керек. Балалар бұл журналдың әр санынан Қазақстанның тарихы, қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, өздерінің құқықтары жайлы жазылған мақалаларды оқиды, сонымен қатар, бос уақытты қызықты да, пайдалы өткізу, ой-өрісті кеңейту үшін берілген сөзжұмбақтар, ребустар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқып, шеше алады және өз шығармаларын да журнал беттерінде жариялауларына мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда баланың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытатын түрлі танымдық, дамытушылық мақсаттағы журналдар көп кездеседі. Болашақ ұрпақтың саналы да білімді болып қалыптасуында олардың атқаратын рөлі ерекше. Міне, жерлес жазушы шығаратын «Балбұлақ» журналы да осындай пайдалы мерзімдік басылымдардың бірі. Зум арқылы өткізілген онлайн-кездесуге кітапхананың белсенді оқырмандары, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3, сондай-ақ, №18, 21, 22 орта мектептердің бесінші сынып оқушылары және Көкшетау қаласының ақпараттық кітапхана жүйесінің қызметкерлері қатысты. Онлайн кездесудегі сұхбат барысында Мағира Қожахметова бүгінгі күні бұрынғыдай оқырмандармен жанды байланысты қайта жаңғыртуда кітапханалардың рөлі айрықша екенін тілге тиек етті. Кездесу соңында кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар белгілі қаламгерге алғыстарын білдіріп, қоштасты. Сол арада «Балбұлақ» журналы туралы енді ғана естіп жатқан жас оқырмандар оған жазылып та үлгерді.

Мафтуна НАЖИЕВА,
Көкшетау қалалық орталықтандырылған балалар мен жасөспірімдер үлгілі кітапханасының қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар