Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарды қолдау болашаққа жол ашады - АРҚА АЖАРЫ

Жастарды қолдау болашаққа жол ашады

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласында ұйымдастырылған бірқатар мерекелік іс-шараларға қатысып, салтанатты жағдайда «WоrldSkills Aqmola 2021» өңірлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

Әкім тәуелсіздік жылдары бой көтерген «Қоғамдық келісім» мекемесінде тәуелсіздік құрдастары – өзге ұлт өкілдерімен кездесіп, диалог алаңында болашаққа көзқарастарын тыңдап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Жастар арасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері, бірқатар этномәдени бірлестіктердің жанындағы әртүрлі ұлт өкілдері, кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары болды. Тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Омар Шоназаров өз кезегінде бірінші болып тәжік ұлтынан депутаттыққа сайланғанына қуанышын білдірді. Сонымен қатар, университеттің бірінші курс студенті зеренділік Милана Тарасова қазақ филологиялық бөлімінде білім алып жүргенін мақтан тұтатындығын айтып, Ұлы Абайдың өлеңін оқып берді. Ал, Біржан сал атындағы Көкшетау жоғары музыкалық колледжінің студенті Юрий Кочетыгов домбырамен Құрманғазының күйін орындады. Кездесу соңында аймақ басшысы жастардың болашақтарына сәттілік тіледі.
Бұдан әрі Ермек Маржықпаев мекеме алдында ұйымдастырылған облыстық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығының «Ұлы дала өрнектері» атты көрмесін тамашалады. «Арбат-2021» атты бұл шеберлер аллеясынан қала тұрғындары мен қонақтары жаз бойы түрлі көрмелерді тамашалай алады.
Биыл облыстың колледжерінде «WоrldSkills Aqmola 2021» өңірлік чемпионаты 57 құзыреттілік бойынша 8 алаңда өтті, онда 280-нен астам студент бақ сынады. Байқауға қатысушылардың жұмысын облысымыздың өндірістік кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, яғни, 150-ден астам сарапшы бағалады. «Bolashaq» сарайында өткен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінде облыс басшысы құттықтау сөз сөйлеп, 50-ден астам студентке алтын медаль, бірінші дәрежелі диплом және 50 мың теңге мөлшеріндегі сертификаттарды тапсырды.
–Біздің өңірде өте дарынды жастар өсіп келеді. Жыл сайын жаңа білім беру дағдылары қалыптасып, жаңа мамандықтар мен кәсіптер пайда болуда. Біздің жастар «WоrldSkills» байқауының республикалық және халықаралық кезеңдерінде алғашқы үштіктен көрініп жүр. 2015 жылдан бері алсақ, облысымыздың талантты жастары 17 алтын, 9 күміс, 15 қола медальмен және 13 білім жетілдіру медальондарымен марапатталды, – дей келе, өңір басшысы жастардың болашақта білікті маман болып, ел дамуына үлес қосатындықтарына зор сенім білдірді.
Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Ермек Маржықпаев Тәуелсіздік жастары аллеясының ашылуына қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 қарағай егу көзделген «Кемел болашақ – жастар қолында» атты экологиялық акция шеңберінде жастармен бірлесе ағаш көшеттерін отырғызды.
Қарттар мен өмірдің қиын жағдайында қалған жандарға көмек-қолдау көрсету мақсатында ашылған «Мейірімді жүрек Lider.kz» қоғамдық қорының пансионаты өз жұмысын 1 наурызда бастаған болатын. Бүгінде мұнда 12 адам қамқорлыққа алыныпты. Мекеме басшысы Ирина Котухованың мәлімдеуінше, қорға жеке меншік компаниялар мен серіктестіктер демеушілік жасап, қолдау көрсетеді.
Пансионда болған аймақ басшысы мұндағы қамқорлыққа алынған жаны жаралы жандармен сұхбаттасып, оларды келе жатқан
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Әңгіме барысында қарттардың көңілін аулап, пандемиядан қорғану қажеттігін ескертіп, вакцина алуларына кеңес берді.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар