Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысы өтті - АРҚА АЖАРЫ

Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов өңірлік коммуникациялар қызметінде жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмысы туралы брифинг өткізді.

–Жер реформасы жөніндегі комиссияның негізгі міндеті жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер бойынша Үкіметке ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Бүгінгі таңда комиссия 5 отырыс өткізді. Осының нәтижесінде қолданыстағы жер заңнамасының нормаларын жетілдіру үшін жүзге жуық мәселе қаралды. Соңғы отырыста агроөнеркәсіп кешені саласының дамуына оң әсер ететін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Барлық қазақстандықтар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер кадастры деректеріне қолжетімділік ашылмақшы. Жер қатынастарын цифрландыру мәселелері жөніндегі заң жобасы қабылданғаннан кейін 2023 жылдан бас-тап әкімдіктер жанындағы жер комиссия-лары таратылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қосалқы жалға беруге тыйым салынады. Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерлерін бекіту туралы Үкімет Қаулысы қабылданады. Жайылымдық жерлердің жүктемесі туралы өзекті деректерді алу үшін космомониторинг сервисінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы қамтамасыз етіледі. Жергілікті халыққа орман қоры жерлерін 10 жыл және одан да көп уақыт мал жаю және жем дайындау үшін пайдалану мүмкіндігі беріледі, сондай-ақ, ауылдық елді мекеннің айналасындағы жер халық үшін қоғамдық жайылымдарға енгізіледі,–деді облыс әкімінің орынбасары.
Бұл ретте қазақстандықтар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік туралы мәселені шешуді қосымша 5 жылға кейінге қалдыру ұсынылды. Бұл ауыл шаруашылығы жерлерін елдің барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне толық түгендеу жүргізу және нарықтық бағаларды ескере отырып, олардың кадастрлық құнын қайта қарау үшін қажет. Осы зерттеу-талдау жұмысы жүргізілген кезде ғана мәселені нақты қарастыруға болады.Түпкілікті шешім қабылдауға біраз уақыт кететіні анық. Асығыстыққа жол берілмейді. Аталған жұмыстарды сапалы орындау үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт қажет. Осы орайда, комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов қазақстандықтар үшін жеке меншікке мораторийді көздейтін норманың қолданылу мерзімін 5 жылға ұзартуды ұсынған болатын. Бұл ұсыныс дауысқа салынып, комиссияның барлық мүшелері тарапынан түсіністік пен қолдау тапты.
– Отырыстар ашық өтті, ол теледидар мен интернет арқылы көрсетілді. Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде бұрын комиссия отырыстарының қорытындылары шығарылып, жұмыс тобына барлық ұсыныстарды жан-жақты қарап, Жер реформасы бойынша заң жобасын әзірлеу тапсырылды,–деген Ғалымжан Әбдіхалықов журналистер қойған сауалдарға жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар