Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, мамырдың 1-де сағат 08:55-те Көкшетау қалалық ТЖБ кезекшілік бөліміне облыс орталығының іргесіндегі қатты-тұрмыстық қалдықтар палигонында өрт шыққандығы туралы хабар түсті.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға «Көкше-Тазалық» ЖШС-нің үш жұмысы, 14 өрт сөндіруші, жергілікті атқарушы органдардан 15 қызметкер және 14 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Қосымша Көкшетау қаласының №1 және №2 өрт сөндіру бөлімдерінен 7 қызметкер мен 2 техника, сондай-ақ, өрт сөндіру пойызы тартылды», – деді ведомстводан.
Аталмыш полигон «Көкше-Тазалық» ЖШС-нің балансында. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.