Hayat Vax вакцинациясы туралы не білеміз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Hayat Vax вакцинасына қатысты толық ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасы – бұл белсенділігі жойылған коронавирус инфекцияға қарсы вакцина, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Рас-Аль-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық өндірісінде шығарылған.
Hayat Vax вакцинасын БАӘ Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі 2020 жылдың 9 желтоқсанында тіркеді, содан кейін Қытайда 2020 жылы 30 желтоқсанда тіркелді. Бүгінгі күні Қытайдан басқа вакцина БАӘ-де өндіруге мақұлданды. Арнайы мәліметтерге сай Әлемнің 34 мемлекетіне бұл вакцинаның 50 миллионнан астам дозасы қолдануға жіберілген. Hayat Vax вакцинасының қауіпсіздігі Hayat Vax –вакцинасын жасау үшін байырғы, бірақ дәлелденген белсенділігі жойылған вакцина жасау технологиясы қолданылады. Осы технологияның көмегімен вирус организмде қорғаныс антиденелерін түзу қабілетін сақтай отырып, жойылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша инактивацияланған вакциналардағы адъюванттардың зиянсыз екендігі дәлелденді. Адъюванттар – инактивті вакцинаның құрамындағы қосалқы заттар ретінде олар иммундық жүйені ынталандырады және организмдегі иммунитеттің ұзақтығына ықпал етеді. Hayat Vax вакцинасында консерванттар жоқ.
Вакцина бір дозалық құтыда қол жетімді. Hayat Vax Синофарм вакцинасының негізінде жасалынғандықтан барлық сипаттамасы вакцинасына сәйкес келеді, ал ол вакцина сынаудың үшінші кезеңі Аргентина, Бахрейн, Египет, Марокко, Пәкістан, Перу және Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) өткізілді, оған 68000 астам адам қатысты. Иммунизациядан кейінгі жағымсыз көріністер (бұдан әрі – ИКҚК), соның ішінде вакцинациялаудан кейін ауыр аллергиялық реакциялар тіркелмеген.
Hayat Vax вакцинасы тиімді ме? Қазіргі күні бұл вакцинаның бүкіл Әлемде 10 миллионнан астам дозасы қолданылған және ешқандай жағымсыз жағдайлар тіркелмеген. Қол жетімді және аралық нәтижелерге сүйене отырып дәлелденген мәліметтер: COVID-19 инфекциясына қарсы тиімділігі 79,3%; Аурудың орташа және ауыр жағдайларының алдын алуда тиімділігі 100%. Вакцина иммундық жауапты қалай тудырады? Коронавирустық инфекция вирусының белсенділігі жойылып (өлтіріліп), тазартылған бөлшектерін енгізуге жауап ретінде дененің иммундық жүйесі ынталандырылып, ерекше антиденелер түзіледі. Ал коронавирустық инфекцияның патогенді вирусы ағзаға түскенде, вакцинациядан кейін алдын ала жасалған антиденелер вирустық белоктарға жабысып, оларды блоктайды. Бұл жағдайда вирус денеге зиян келтіре алмайды. Көптеген адамдарды вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді. Неғұрлым көп адамдар вакцинацияланған болса, олардың ауруға шалдығу мүмкіндігі аз болады. Коронавирус індетінің одан әрі таралуын тұрақтандыру және алдын алу үшін халық арасындағы вакцинациялау 60% -дан кем емес деңгейде тұрақты ұстау керек.
Hayat Vax вакцинасымен вакцинациялау кімге арналған? Hayat Vax вакцинасы 18 жастан асқан ересек адамдарға арналған (әсіресе созылмалы ауруларының өршу кезеңі жоқ кезінде егде адамдарға). Hayat Vax вакцинасын кімге алуға болмайды? Вакцинаның кез-келген компонентіне (белсенді және қосымша заттарына) ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдар немесе осы вакцинаны алдыңғы дозасын енгізгенде аллергиялық реакциялар болғанда; Ғылыми зерттеулер вакцинаның келесі топтар үшін қауіпсіз екенін дәлелдегенге дейін вакцина қолдануға кеңес берілмейді: жүктілік кезінде, бала емізетін аналарға; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге; Вакцина УАҚЫТША ұсынылмайды: Бұлшықетке инъекция жасау барысында қан кету қаупіне байланысты температурасы көтерілумен қатар жүретін жедел инфекциялық аурулары бар адамдар.
Вакцинациялау сауыққаннан кейін екі-төрт аптадан кейін ұсынылады. Ағымдағы уақытта созылмалы ауруларының өршуі байқалған адамдар. Мұндай науқастарға вакцинация тек аурудың ремиссиясы кезінде ұсынылады. Жақын арада жүктілікті жоспарлайтын әйелдер. Қазіргі күні вакцинаның 2-ші дозасын алғаннан кейін 2 ай өткеннен соң жүктілікті жоспарлау ұсынылады. ПТР-әдісі бойынша Covid-19 оң нәтиже көрсеткен адамдар; Жұқпалы ауруы бар адамдармен, оның ішінде Covid-19-мен карым-қатынаста болған адамдар. Еске салсақ, Қазақстан БАӘ өндірілген Hayat-Vax вакцинасының партиясын сатып алды.
Дереккөз: inform.kz

 

 76 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар