Қазақстанда 1,5 миллионға жуық адам екпе алды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«4 мамырдағы жағдай бойынша республикадағы инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 42, ал реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 28 пайызды құрайды.
Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Нұр-Сұлтан қаласында 60, Алматы қаласында 57, Қызылорда облысында 59, Алматы облысында 56 пайызды, ал реанимациялық төсек-орындар жүктемесі Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысында 62, Алматы қаласында 52 пайызды құрап отыр», – деді министр.
Оның дерегінше, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында Спутник V, QazVaq, Hayat-Vaх вакциналары қолжетімді. «Шамамен 1,5 млн адам немесе халықтың вакцинациялауға жататын санатының 15 пайызы екпе алды», – деді Алексей Цой.
Дереккөз: inform.kz