Шуша қаласы Әзербайжанның мәдени астанасы болып жарияланды

Әзербайжанның Шуша қаласы елдің мәдени астанасы деп жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Шуша Әзербайжанның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқаратын тарихи-мәдени орталықтардың бірі болған. 1977 жылы Шушаның тарихи бөлігі тарихи-архитектуралық қорық деп жарияланды.

Соның нәтижесінде қаладағы тарихи ескерткіштерді қорғау және мәдениет және өнер қайраткерлерінің есімін есте сақтау мақсатында маңызды қадамдар жасалды. Дегенмен, 1992 жылғы 8 мамырдан 2020 жылғы 8 қарашаға дейін Шуша Армения қарамағында болды.

Бүгін, 7 мамыр күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шушаны мәдени астана деп жариялау туралы арнайы қаулыға қол қойды. «Шушаның әзербайжан халқы үшін тарихи-мәдени және рухани маңызы зор, сондықтан қалаға ерекше қамқорлық керек. Осы ретте Шушадағы мемлекеттік және құқықтық реттеуді әрі қарай жетілдіре түсу шаһардағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіріп, сақтау ғана емес, оны әрі қарай дамытуға жағдай жасайды» делінген қаулыда.

Дереккөз:  inform.kz

 406 total views,  4 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар