Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай, Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин музейінде «Майдангерлер мұрасы» атты ашық аспан астындағы көрмені ұйымдастыруға Ақмола облысы Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты, Ақмола облыстық соты мұражайларының қызметкерлері атсалысты.
Ақмола облысының Полиция департаменті музей қорынан экспонаттарды ұсынды, оның ішінде Ұл Отан соғысына қатысушылары Айдархан Бәйкенов пен Иван Емелиннің наградалары бар нысанды киім-кешектері, сондай-ақ архивті фотоқұжаттар, ордендер мен медальдар, атаулы тапаншалар, мылтықтар, дойбылар, қынабы бар корттар және тағы басқалар бар.
Аты аңызға айналған 8-ші гвардиялық панфилов дивизиясының құрамында соғысқан ҚР ІІМ Құрметті қызметкері Айдархан Бәйкеновтың марапаттарының қатарында І, ІІ дәрежелі Отан соғысы, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендері, сондай-ақ түрлі мерекелік медальдар болды.
Отставкадағы милиция полковнигі, соғыс ардагері Иван Емелин Ұлы Отан соғысының I дәрежелі орденімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, «За оборону Советского Заполярья», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да жауынгерлік наградалармен марапатталды.
«Біз барлық ұрпақ өкілдерінің аты аңызға айналған жерлестеріміздің – Ұл отан соғысы қатысушыларының, оның ішінде екі жүзден астам Ішкі істер органдарының ардагерлерінің еңбегін білгенін және есте сақтағанын қалаймыз. Біздің мақсатымыз-олардың ерлік тағдырларын ешқашан ұмытпау», — деп бөлісті Амантай Ысқақова.