Еңбек етемін деген адамға қай саладан да жұмыс табылады

Ақмола облыстық статистика департаменті аудандар мен салалар бойынша бос жұмыс орындары мен мамандарға қажеттілікті анықтау үшін ірі және орта кәсіпорындардағы мамандарға қажеттілік және олардың санын есептеу мәселелері бойынша статистикалық байқау жүргізеді.

Бұл статистикалық ақпарат қаржы және сақтандыру қызметінен, мемлекеттік басқару мен қорғаныс саласынан, міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуден және өзге де қызмет түрлерін ұсынатын қызметтен жиналады. Сондай-ақ, бұған аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметінен өзге экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. Кәсіптік топтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Қызметтердің ұлттық классификациясына сәйкес анықталған. Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді қалыптастыру кезінде ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша қызметкерлердің жұмыстан босатылуына байланысты босаған жұмыс орындары, жаңадан құрылған жұмыс орындары ескерілген. Мамандарға қажеттілікті анықтау кезінде ағымдағы жылы кәсіпорынның қызметін кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру үшін қажет қызметкерлердің болжамды қосымша саны есепке алынды.
Жыл басында 132 басшы және мемлекеттік қызметші, 364 кәсіби маман, 173 техникалық маман және өзге де кәсіби көмекші персонал, 49 әкімшілендіру саласының қызметшісі, 106 қызмет көрсету және сауда саласының еңбеккері, 511 жұмысшы, 367 жүргізуші, 271 біліктілігі жоқ жұмысшы қажет болды. Осы байқаудың нәтижесінде жыл басында зерттелген қызметкерлердің тізімдік саны 90454 адамды, бос жұмыс орындарының саны 1973-ті құрады. Қызметкерлердің тізімдік санындағы бос жұмыс орындарының үлесі 2,2 пайыз болды.
2021 жылғы қызметтердің негізгі кәсіптік топтары бойынша 19 басшы мен мемлекеттік қызметші, 57 кәсіби маман, 20 техникалық маман, 5 әкімшілдендіру саласының қызметшісі, 6 қызмет көрсету және сауда саласының еңбеккері, 173 жұмысшы, 150 жүргізуші, 7 біліктілігі жоқ жұмысшы қажет болып отыр. Экономикалық қызмет түрлері бөлімінде өнеркәсіпке 1128 адам, көлік және қойма саласына 374 адам, орман және балық шаруашылығына 5 адам қажет екендігі анықталды.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,
Ақмола облыстық статистика департаментінің басқарма басшысы.

 68 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар