Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ҚР бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағаметовты еске алуға арналған Солтүстік-Орталық аймақтағы киокушинкай кан каратэден республикалық турнирге 200-ден астам спортшы қатысып, тамаша жекпе-жектер өткізді.
Жарыс кезінде санитарлық нормалар сақталды. Татамиге шыққан Ақмола облысының каратэшілері 19 алтын, 17 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды.
Сонымен бірге, ақмолалықтар каратэшілердің арасында «Ең қысқа жекпе — жек үшін» аталымы бойынша- Даяна Бакубаева, «Үздік техникасы үшін» аталымы бойынша — Ұзақбай Мәдиярбек, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымы бойынша — Владимир Долин және Нұрсұлу Тәшімова марапатталды.