Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барды - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барды

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында жазды. Жаңа нысан 18 ғасырдан көрініс беретін кешен Ахмет Ясауи кесенесінің жанында орналасқан. Этноауыл қазақ даласының XVIII-XIX ғасырдағы өмірін бейнелейтін жоба саналады.

«Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағы мен Ахмет Ясауи кесенесінің бекініс қабырғасы, этнографиялық мұражайдың ортасында орын тепкен. Интерактивті этно-ауылдың ауданы 16 мың шаршы метрді құрайды. Кесенеге келушілер қазақ халқының бай мәдениетімен танысып, тіпті көне заттарды қолдарымен ұстай алады.

Көшпеділер өркениетінен көрініс беретін этноауылдың аймағында қазақ даласындағы тұтас бір дәуір бейнеленген. «Этноауыл арқылы XVIII-XIX ғасырдың атомосферасын көрсеттік. Гастрономиялық аймақта Орта Азия елдеріне тиесілі аспаздық өнерді көруге болады. 7,8, 12 қанатты сынды барлығы 9 түрлі өлшемдегі киіз үйлер мен «хан сарайы» тігілген. Ауыл маңында жылқылардың «Табын» мүсіндік композициясы бейнеленген.

Ежелгі құдық, садақшыларға арналған атыс тирі де қойылған. Бірнеше аймаққа бөлінген ауылдың жалпы көлемі 3 гектар . Жоба этнографтардың, тарихшылардың ақыл, кеңесі бойынша жасалған. Бұл жерде бабалардың заманын тек көріп қана қоймай, тамақты аспаздармен бірге пісіріп, шеберлермен бірге түйін түюге мүмкіндік бар.

Түрлі көріністер түсіруге болады», — деді жобаның ұйымдастырушысы Айко Төкен. Интерактивті режимде ежелгі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді қалпына келтіруді көздейтін этномәдени орталық жұмыс істейді. Келушілер сауда базарын, ежелгі құдық, қолөнер шеберханалары сынды көне кезеңнің көріністерін көзбен көре алады. Бағзы заманның әдісімен ағаш өңдеу, тоқыма тоқу және киіз басу, қыш, зергерлік шеберхана, тас қалаудың қалай жасалатынын да үйренуге мүмкіндік бар.

Дереккөз: inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар