Сандықтаулық диқандар көктемгі егіске әзірленуде

Сандықтау ауданындағы «Каменка және Д» серіктестігі көктемгі егіс жұмыстарын дайындығын пысықтауда. Серіктестік басшысы Алексей Джейрановтың айтуынша, шаруашылық негізінен егіншілік және мал шаруашылығымен айналысады. Қос саланы қатар алып келе жатқан шаруашылықтың меншігінде 24,104 гектар жер бар, оның 9,605 гектары жайлым, 17,499 гектары егістік жерлер.

Шаруашылық дән сіңіру жұмыстарына толық дайын. Осы ретте машина-трактор базасы жаңартылуда. Қазір мұнда 31 комбайн, 56 трактор бар және 160-тан астам адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 160 мың теңгеден асады.

Сонымен бірге, серіктестікте 150 бас жылқы және 300-ден астам бас ірі қара өсіреді.
«Шаруашылық 1998 жылы Каменка ауылдық округінде ұйымдастырылды. Екі егістік бригадасы, мал фермасы және жеке наубайханасы бар. Бізде замануи материалдық-техникалық база, өнміділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникалар бар.

Шаруашылықтың ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтап, өңдеумен аде айналысады», – деп атап өтті А.Джейранов.
Айта кету керек, Сандықтау ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндіріс көлемі 1,6 миллиард теңгені құрады.

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар