Тынайтқыш сіңірілуде

Целиноград ауданындағы «Ақтық» акционерлік қоғамының диқандары көктемгі ауа райының әрбір қолайлы сәтін тиімді пайдалануға тырысуда. Олар осы аптаның соңына дейін алқапқа минералды тыңайтқыш себу жұмыстарын толық аяқтап шығуды межелеп отыр.

Шаруашылықтың бас агрономы Қалимолла Рахымжановтың айтуынша, алдағы күзде егіннен мол өнім алу үшін «Сульфат-Аммония» пестициді қолданылуда. Жоспар бойынша органикалық тыңайтқыш 6400 гектар алқапқа сіңірілмекші. Бұл жұмыстарға 7 кешен мен 3 заманауи үлгідегі «РФД -3000» шашыратқыштары қатыстырылған. Жұмыс екі ауысыммен жүргізілуде.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Суретте: бас агроном Қалимолла Рахымжанов.

 430 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар