Құрылысшылар жомарттығы көңілден шықты

Рамазан айының құрметіне «Берекелі Рамазан» қайырымдылық іс-шарасы және 30 игі іс акциясы аясында Ерейментау қаласында 45 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан «КСМК-АФ» кұрылыс компаниясының басшысы Мырзагелді Хамзиннің атынан аудан орталығының 30 отбасына 538 мың теңгенің әлеуметтік пакетін таратты.

Бұл қайырымдылық шарасын компания директоры Асхат Хамзин ұжымымен бірге жүзеге асырды. Директор өз сөзінде алдағы уақытта да игі шаралар жалғастырылатынын, қажеттілік туындаған жағдайда қолұшын созатынын айтты. Тоқан Хазірет мешітінің бас имамы Еркебұлан Олжабайұлы компания басшылығына алғысын білдіріп, олардың жұмысына табыс тіледі.
Осы мешіттің қызметкерлері мен «Қамқор» қорының еріктілері азық-түлік салынған пакеттерді әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбастарына апарып берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар