Целиноград ауданы әкімдігінің мәліметінше, аудандық аурухана мамандары ауыл тұрғындарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина егу жұмыстарын жүргізуде. Осы ретте, Жылжымалы медициналық кешендер Өтеміс, Жаңажол, Жаңа-Жайнақ, Раздольное, Аққайын, Шұбар, Қажымұқан, Ы.Алтынсарин, Приречное және Опан ауылдарында қызмет көрсетуде.
«Гам-Ковид Вак» (Спутник V) вакцинасының бірінші компонентін 70 адам алды, екінші компонентін – 175, «Hayat-Vax» вакцинасы 23 адамға салынды.