Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді

Армения Республикасының Ұлттық жиналысы екінші турда Никол Пашинянды премьер-министр етіп қайта сайлаған жоқ.
Осылайша, ел Конституциясына сәйкес, Арменияның жетінші шақырылымдағы Ұлттық жиналысы құқық күшімен таратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оның мәліметінше, ел премьер-министрін сайлау бойынша кезектен тыс отырыс кезінде Никол Пашинян сайлану үшін тиісті дауысты жинай алмады. Оның кандидатурасын қолдаған және қарсы шыққан бір-бір депутаттан болса, қалған 76 депутат дауыс беруден тартынды.
Премьер-министрді сайлау үшін 67 дауыс қажет болған еді. Бұл – тәуелсіз Армения тарихында Ұлттық Жиналыстың мерзімінен ерте таратылып жатқан екінші жағдай. 2018 жылдың қарашасында Армения премьер-министр Никол Пашиняннің отставкасынан кейін парламент тура сол процедура бойынша таратылған. Премьер-министр қызметіне жалғыз кандидат Никол Пашинян болған еді.
Оның кандидатурасын Ұлттық Жиналыстың «Мой шаг» фракциясы ұсынған. Никол Пашиняннің премьер-министр қызметіне кандидатурасы сондай-ақ премьер-министр сайлауының бірінші турында ұсынылған. Премьер-министрдің міндетін атқарушы Никол Пашинян 3 мамырда ҰЖ кезектен тыс отырысында премьер-министр болып сайланған жоқ. Арменияда Ұлттық Жиналысқа кезектен тыс сайлау 20 маусымға белгіленген.
Дерекөз: inform.kz

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар