Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр сүйем жерді іскерлікпен пайдалану мәселесі ойландыруы керек - АРҚА АЖАРЫ

Әр сүйем жерді іскерлікпен пайдалану мәселесі ойландыруы керек

Бүгін (13 мамыр 2021 жыл) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  жерді шетелдіктерге жеке меншікке және жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды.

Біраздан бері қазақстандық қоғамды алаңдатып келе жатқан мәселенің бірі- Жер мәселесі еді! Әрине, орынды ол! Өйткені ұлан байтақ қазақ жері ол бізге ата-бабамыздан аманатталып келе жатқан ұлы мұра! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «қазақ үшін тоқымдай жер қымбат» деген сөзі де осы тұрғыдан айтылып отыр ғой деп ойлаймын.

Президентіміз өз халқының жерді шет елдіктерге сатпау, жалға бермеу  жөніндегі сөзін далаға тастаған жоқ. Халықтың алаң көңілінің  ой-пікірлері ескерілді деуге болады. Соның бір көрінісіндей, 2016 жылғы 6 мамырда Президентіміздің Жарлығымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік компанияларға, сондай-ақ шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға жалға беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына жеке меншікке беруге мораторий енгізілген еді. Осы мораторий 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын назарға алып, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 25 ақпанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заңнама жүзінде біржола тыйым салуды тапсырғанына да риза болып едік

Мемлекет басшысының осы тапсырмалары негізінде Парламенттің қос палатасының депутаттары  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын қысқа мерзімде талқылап, өз пайымдарын жасағанын да білеміз.

Енді, міне, сол Заңға Президент қол қойып отыр.Алайда, әлі де болса осы Заң туралы түрлі пікірлер де айтылып жатыр. Ең бастысы жердің  шетелдіктерге беруге біржола тыйым салынғандығына  тоқтағанымыз абзал ма деп ойлаймын. Ендігі мәселе осы өз жерімізді өзіміз ұқсата білсек, шаруақорлықпен пайдалана білсек деген ой алаңдатады. Және де жеріміз кең дейміз де, қазіргі жағдайда көп жерлерде малға жайылым, егістік алқаптар жетіспей жатқаныдығы да бар. Мұның себебі неде? Ең әуелі жерімізді түгендеу есебін жүргізуге үлкен мән беріліуге тиісті шығармыз. Кей жағдайда біраз жерлердің иелері болғанымен, ол тиімді пайдаланылмайтын жайлар да кездеседі. Біраз ауылдың халқы өздеріне тиесілі жерлердің кімнің иелігінде екендіктерін де біле алмай жүргендері бар. Жерге де, оны тиімді пайдалануға да тәртіп керек сыңайлы. Бізді ендігі арада әр сүйем жерімізді іскерлікпен пайдалану мәселесі ойландыруы керек. Шаңырағымызды жанға, жайлауымызды малға, егістіктерімізді дән-дақылға толтырып, даламызда еңбек қайнап жатқан ырысты далаға айналдыра білейік!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, «Ақмола-Тіршлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар