Биылғы жылы Щучинск қаласында ұзындығы 6,5 шақырым бес көшені жөндеуге 290 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев айтты.
Аудан әкімінің айтуынша, курортты өңірдегі өзекті мәселелердің бірі-жолдарды жөндеу.
«Ағымдағы жылы «Бурабай-Қатаркөл» автожолын күрделі жөндеу (20 км), «Зеленный бор-Мәдениет» автожолын орташа жөндеу (27 км), Сарыбұлақ ауылына дейінгі жолды ағымдағы жөндеу (50 млн теңге) бойынша жобаларды іске асыру жалғастырылды. Жалпы, бізде жалпы 3,6 миллиард теңгеге жол салу бойынша төрт жаңа жоба бар», — деп атап өтті А.Мұздыбаев.
Бурабай кентінің жол желісін жаңарту жобаларына — Жамбыл, Қазақстан, Интернациональная көшелерін (жобаның құны 1 млрд 255,5 млн теңге) салу және қайта жаңарту, Текекөл көлінің айналасында «Шабақты көлінің солтүстік айналма жолына» дейінгі автожолды салу (жобаның құны 2 млрд 78,2 млн теңге), Аудандық ішкі істер білімінің ғимараттарына кіреберіс жолдар (жобаның құны 193 млн теңге) және Бурабай кентінің кавалериялық взводына апарт жол(жобаның құны 123,2 млн теңге), Щучинск-Николаевка жол учаскесін күрделі жөндеу жобасы кіреді.
Бұдан бөлек, ауданның ауылдық округтерінде (Бурабай кенті, Зеленый бор, Баянбай, Жасыл, Атамекен, Златополье, Савинка, Первомай ауылдары) жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 384 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, Дмитриевка ауылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 12,5 миллион теңге қаржы бөлінді.
Нығмет Сейіт.