Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Қарағанды қаласында есту қабілеті нашар спортшылар арасында жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 90 спортшы қатысты.
«Ақмола облысынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорт клубының 5 жүзушісі күш сынасты. Оның арасында Алина Синельникова 100 м брасс бойынша чемпион атанды, ал 50 м еркін стильде және 100 м арқасымен жүзуде күміс медаль жеңіп алды. 100 м және 50 м баттерфляйда екі алтын медальді Дмитрий Сальников еншіледі.
Сондай-ақ, ол 50 м фристайлда «қола» алды. Бұдан бөлек, 100 м брасс пәнінен екінші орынды Қажыбай Аман иеленд», — деді ведомствоның баспасөз хатшысы.