Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адамдар арасында вакцинаға қатысты қандай үрей бар – cарапшы түсіндірді - АРҚА АЖАРЫ

Адамдар арасында вакцинаға қатысты қандай үрей бар – cарапшы түсіндірді

Тұрғындар арасында COVID-19 -ға қарсы вакциналар коронавирус індетін тудырады деген үрей бар. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдар арасында COVID-19 -ға қарсы вациналар індет тудырады деген әлі де үрей бар. Бірақ ұсынылған вакциналардың ешқайсысында COVID-19 ауруын тудыратын тірі вирусы жоқ. Демек, вакцинадан кейін сізді COVID-19 ауырына шалдықтыра алмайды», — деді М. Смағұл Орталық коммуникациялар қызметінде. Осы орайда ол кңез келген екпе сияқты COVID-19 жұқпасына қарсы вакциналарда да жанама әсерлер болуы мүмкін. «Олардың көпшілігінде жеңіл түрде бірнеше күн ішінде өздігінен кетеді», — деді Манар Смағұл. Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.

https://www.inform.kz/kz/adamdar-arasynda-vakcinaga-katysty-kanday-urey-bar-carapshy-tusindirdi_a3788036

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар