Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ҚР ДСМ: Вакцинаның екінші компонентін 21 күннен кейін салдыруға болады - АРҚА АЖАРЫ

ҚР ДСМ: Вакцинаның екінші компонентін 21 күннен кейін салдыруға болады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы дозалар арасындағы аралықты қысқартқысы келетіндердің өтінішінен бас тарту туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. «Бас санитарлық дәрігердің Қаулысында азаматтардың өтініші бойынша 21-90 күн аралығында вакцина алуға болады деп көрсетілген. Екінші дозаны бірінші вакцинация жүргізілген жерден алу қажет екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны жасаушылардан, РҒА академигі, Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтен дозалар арасындағы аралықтың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтінін және кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігіне әкелетіні туралы ресми хат алғанын еске саламыз»,-делінген хабарламада. Осыған байланысты «Спутник V» екінші компонентімен вакциналау мерзімі ұзартылды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес екі дозаның арасындағы аралық 21-ден 45 күнге дейін ұлғайтылды, ал жалпы «Спутник V» екінші компонентімен 90 күн ішінде вакциналауға рұқсат.

«Аралықты ұлғайту халықты иммундау ісін айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің барлық күштері вакцинаның бірінші компонентімен қамтуға бағытталған. Вакцинаның бірінші компонентін енгізу 12-14 күннен кейін антиденелер шығаруды қамтамасыз етуге және 3 аптадан кейін иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Бұл ретте, қажет болған жағдайда, Қазақстан азаматтары вакцинаның бірінші компонентін алған жері бойынша өтініш бере алады және 21-ші күні екінші компонентті ала алады. Естеріңізге сала кетейік, КВИ-ға қарсы вакцинация екі кезеңде жүргізіледі: алдымен I компонентпен 0,5 мл дозада, содан кейін 45 күннен кейін вакцинация күнін есептемегенде — II компонентпен 0,5 мл дозада; бұл ретте жекелеген жағдайларда вакциналанушының өтініші негізінде II «Гам-КОВИД-Вак» компонентімен 21 күннен 90 күнге дейінгі кезеңде вакцинация жүргізуге болады. Қазіргі уақытта елдің медицина мекемелерінде КВИ-ға қарсы вакцина жеткілікті.

Бүгінгі таңда «Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті – шамамен 200 мың доза, екінші компонент – 220 мың дозадан астам. Бұдан басқа, халықты иммундау үшін БАӘ «Синофарм» компаниясымен бірлесіп шығарған 28 мыңнан астам доза отандық «QazVac» вакцинасы және 350 мыңға жуық доза «Hayat-Vax» вакцинасы бар. Осы аптада 400 мың дана көлемінде екінші компоненттің вакциналары келеді деп күтілуде. Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналары елге кестеге сәйкес және жеткілікті мөлшерде жеткізіліп жатыр.

https://www.inform.kz/kz/kr-dsm-vakcinanyn-ekinshi-komponentin-21-kunnen-keyin-saldyruga-bolady_a3787666

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар