Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина салдыруға бола ма - АРҚА АЖАРЫ

Созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина салдыруға бола ма

ҚазАқпарат — Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағали онлайн брифингте созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина салуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, вакцина салуға қатысты қарсы көрсетілімдер көп емес. «Созылмалы ауруы бар адамдар көп, алайда оларға вакцина салуға болмайды деген сөз емес. Егер ауру асқынып тұрмаса екпе егуге әбден болады. Тіпті аутоиммунды аурулармен ауыратындарға да вакцина салуға болады. Тек мұның барлығын дұрыс жеткізіп, дұрыс түсіндіріп, дұрыс ақпарат беру керек», — деді Лаура Мырзағали.

Сонымен қатар, ол егу пунктерінде вакцинаның үш түрі бар екенін атап өтті. Тұрғындар өздері қалаған екпені салдырта алады. Атап айтсақ, қазақстандық «QazVac», қытайдың «Sinopharm» және ресейлік «Спутник-V».

https://www.inform.kz/kz/sozylmaly-auruy-bar-adamdarga-vakcina-saldyruga-bola-ma_a3788771

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар