Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вакцинаның І және ІІ компонентін шатастырып алған: Қауіп бар ма - АРҚА АЖАРЫ

Вакцинаның І және ІІ компонентін шатастырып алған: Қауіп бар ма

Вакцинаның бірінші компонентінің орнына екінші компонентін салудың кері салдары болмайды. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Қазақстанның бас репродуктологы Вячаслав Локшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында вакцина алу пунктінде мейірбике қателесіп «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентінің орнына екінші компонентін салғаны туралы айтылды. Осы орайда бұл жағдай денсаулыққа қаншалықты қауіпті екені сұралды.

Вячаслав Локшин бұл тұрғыда ешқандай проблема жоқ екенін атап өтті. «Бірақ бұндай жағдай орын алса, оны тіркеп, екінші доза кезінде бірінші компонентті салдыру керек. Әлемде бір адамға бір мезгілде бірден бес доза салған оқиғалар болған еді. Мейірбикенің қателігінен осындай жағдай орын алды.

Бұл пациенттерге медициналық бақылау жүргізілді. Атап айтқанда, бірінші және екінші компонентті алмастырып алғаннан проблема жоқ, тек екінші доза кезінде тиісті компонентті салдыру керек», — деді ғалым.

https://www.inform.kz/kz/vakcinanyn-i-zhane-ii-komponentin-shatastyryp-algan-kauip-bar-ma_a3788059

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар