Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қатерлі ісікке ота жасау кезінде бүйректі сақтап қалды - АРҚА АЖАРЫ

Қатерлі ісікке ота жасау кезінде бүйректі сақтап қалды

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының онкологиялық орталығында адамның бүйрек қатерлі ісігі кезінде ағзаны сақтап қалу мақсатындағы бүйректі ішінара резекциялау жөніндегі күрделі операция сәтті жүргізілді.

Осы операция бүйректі сақтап қалуға мүмкіндік береді және мүгедектікті едәуір азайтып, науқастың өмір сүру сапасын жақсартады.
Оң жақ бүйректің қатерлі ісігі диагнозымен орталыққа жүгінген 1974 жылғы науқас әйел сәуірдің орта кезінде емделуге жатқызылыпты. Ауруханаға түскен кезіндегі денсаулық жағдайы бірқалыпты болған. Мамандар оның денсаулығын тексеру кезінде оң жақ бүйрегінің артқы-төменгі сегментінде кішірек ісіктің бар екендігі анықталған.
Сөйтіп, науқасқа бүйректің жаппай ишемиясынан операция жасалады. Дәрігерлер қан кетуді болдырмас үшін бүйрекке келетін артериялық қан ағымын бұғаттап тастайды. Кейін ишемия уақыты – 9 минутқа созылып, ота сәтті аяқталады. Операциядан кейінгі кезең де ешқандай асқынуларсыз қалыпты өтіпті.
– Қатерлі ісіктің болғаны гистологиялық расталды. Операциядан кейін бір аптадан соң, науқасты тексеруден өткізіп, денсаулық жағдайының қанағаттанарлық екендігіне көз жеткізіліп, үйіне шығарылды. Бұрын бүйрек ісіктерінің тіпті кішкентай мөлшері болса да, сол органды «нефрэктомия» операциясы арқылы алып тастайтын. Бұл жолы дәрігерлер бүйректі сақтап қалуды негізгі мақсат етіп алып, ота сәтті аяқталды. Осыған дейін бүйрек резекциясының көрсеткіштері өте шектеулі болатын, яғни, ота жасалуы тиіс науқастың жалғыз бүйрегі ғана болса немесе бүйрегінде бұрыннан созылмалы аурулары болса ғана сол ағзаны сақтап қалатын. Бүгінгі таңда адамдардың органдарын неғұрлым сақтап қалуға басымдық беріліп, бұл операцияға да көрсеткіштер кеңейе түсті. Сондықтан, қазіргі таңда дәрігерлер неғұрлым адамның дене мүшесін сақтап қалу операцияларына жүгінуге тырысуда, – дейді облыстық көпбейінді аурухананың ғылыми бөлім меңгерушісі Арайлым Қалабаева.
Бүйректің резекциясы радикалды нефрэктомиямен рецидивсіз, спецификалық және жалпы өмір сүру көрсеткіштері бойынша салыстырылады. Облыстық көпбейінді аурухананың онкологиялық орталығында мұндай ота жасау түрлері жиі өткізіледі. Бірақ, дәрігерлер ұстанатын асқынулар туындап қалуы мүмкін белгілі бір көрсеткіштері мен болжамды өлшемдер бар екенін де ұмытпаған дұрыс.
– Оң жақ бүйрегім ауырып, өзімді әлсіз сезініп жүрдім. Кейін бұл ауру ақырындап аяғыма беріле бастағандықтан, «Авиценна» медициналық орталығында бүйрегімді УДЗ-аппаратына түсірдім. Зерттеу нәтижесімен уролог дәрігер Андрей Пасевичке консультацияға жүгіндім. Ол мені кеңейтілген тексеріске жіберіп, бүйрек қатерлі ісігі диагнозы анықталды. Содан сәуір айында бүйрек обырына ота жасаттым, дәрігерлер бүйрегімді сақтап қалды. Қазір жағдайым жап-жақсы. Облыстық аурухананың онкологиялық орталығының барша қызметкерлеріне, онкологиялық және хирургиялық бөлімшелердің меңгерушілері мен маған ем-дом жасаған дәрігерлерге, атап айтқанда, Нұрбол Ахметов пен Рауан Нұрғалиевке алғысым шексіз. Ота жасалар алдында маған үш аурухананың бірін таңдау керек болды. «Отаны Алматы, Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларының қайсысында жасатқыңыз келеді?» деп сұрағанда, өзіміздің облыстық аурухананы таңдадым. Онкологиялық орталықтың дәрігерлері мен қызметкерлеріне күтім көрсетіп, маған тиісті көңіл бөлгендері үшін ризамын, – дейді бүйрегіне ота жасатқан және есімін жарияламауды өтінген жерлесіміз.
Ырысалды Төлегенқызы,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар