Қазақстанда өткен тәулікте 2018 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы — 264, Алматы қаласы — 525, Шымкент қаласы — 81, Ақмола облысы — 131, Ақтөбе облысы — 68, Алматы облысы — 114, Атырау облысы — 66, Шығыс Қазақстан облысы — 77, Жамбыл облысы — 21, Батыс Қазақстан облысы — 98, Қарағанды облысы — 328, Қостанай облысы — 35, Қызылорда облысы — 24, Маңғыстау облысы — 56, Павлодар облысы — 97, Солтүстік Қазақстан облысы — 14, Түркістан облысы — 19. Айта кетейік, 17 мамыр күні коронавирус 1837 адамда анықталған еді. Пандемия басталғалы елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны — 364048.
Дереккөз: inform.kz