Қала әкімі Еркебұлан Баяхметовтың айтуынша, жобаны Ақсу кентінде «Ақсу Teсhnology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып отыр. Зауытты іске қосқан кезде 600 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Сонымен қатар, бірге өнеркәсіптік қалада «Нефтяной дом Астана Ойл» серіктестігінің қатысуымен «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы шағын мұнай өңдеу зауытын жаңғырту бойынша жобаны жүзеге асыруда. Бұл дизель отынын өндіруге және сапсын жақсарутға мүмкіндік береді.
«Республикалық Индустрияландыру картасы және Ақмола облысының кәсіпкерлікті дамыту картасының жобалары бойынша Степногорскіде 19 миллиард теңгенің тауар өнімі өндірілді», — деді қала әкімі.