Қазақстандықтар Ұлттық санаққа бірнеше жолмен қатыса алады

1 қыркүйекте басталатын Ұлттық санаққа қатысудың бірнеше жолы ұсынылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, санаққа онлайн режимде қатысуға болады. Ол 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі.

Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез келген уақытты таңдай алады. Сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі жасалады. Оффлайн қатысу. Ол1-30 қазан аралығында өткізіледі. Санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттердің үйлеріне интервьюерлер барады.

Олар сұрақтардың жауабын планшеттерге енгізеді. Сонымен қатар, egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады. Онда электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы санаққа қатысуға болады. Бұдан бөлек, Ұлттық санақ сұрақтарына «Aitu» мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы жауап беру мүмкіндігі жасалады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде ұлттық санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегі – 30 қазаны аралығында өтеді. Қазақстандықтар барлығы 87 сұраққа жауап береді.

Деркееөз: www.inform.kz

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар