Қазақстанда өткен тәулікте 2433 адамда коронавирус ПТР-сынама арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 439, Алматы қаласы — 534, Шымкент қаласы — 109, Ақмола облысы — 129, Ақтөбе облысы — 120, Алматы облысы — 166, Атырау облысы — 79, Шығыс Қазақстан облысы — 85, Жамбыл облысы — 23, Батыс Қазақстан облысы — 105, Қарағанды облысы — 326, Қостанай облысы — 37, Қызылорда облысы — 39, Маңғыстау облысы — 63, Павлодар облысы — 107, Солтүстік Қазақстан облысы — 33, Түркістан облысы — 39.
Айта кетейік, 17 мамыр күні коронавирус 1837 адамда анықталса, 18 мамырда 2018 адамда тіркелді. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 366481 адамда расталды.
Дереккөз: inform.kz